jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Таэквондо: Қазақстандықтар Әлем Кубогінде 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды

    Таэквондо
    Жарыс. Фото: Olympic.kz

    Таэквондодан Қазақстан құрамасы Әлем Кубогінде 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Грузия астанасы Тбилиси қаласында жастар мен ересектер арасында GTF таэквон-додан Әлем Кубогі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс, 2 қола медальмен оралды.

    Айта кетейік, дүбірлі додаға 27 елден 337 спортшы қатысты.

    Жарыс қорытындысы келесідей:

    Бірінші - Аманжан Бақытжанов, 58 келіге дейінгі салмақта,

    Бірінші орын - Әділбек Лекеров, 64 келіге дейінгі салмақта,

    Бірінші орын - Нұрғиса Іздібай, 70 келіге дейінгі салмақта,

    Бірінші орын - Данил Смирнов, 76 келіден жоғары салмақта,

    Екінші орын - Нұрхан Сахиев, 76 келіге дейінгі салмақта,

    Екінші орын - Нұржан Мазбулов, 76 кг жоғары,

    Үшінші орын - Назерке Мухамбедиева,

    Үшінші орын - Ардақ Шинтаева.

    Таэквондо: Қазақстандықтар Әлем Кубогінде 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.