jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Нариман Курбанов гимнастикадан әлем чемпионатында жүлдеге қол созым жерден тоқтады

    Нариман Курбанов жаттығу кезінде
    Нариман Курбанов. Фото: prosports.kz

    Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық спортшы финалда өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан сырт қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алдымен еркін жаттығудан Милад Карими өнер көрсетті. Финалды бірінші болып бастаған ол жаттығуды орындау кезінде құлап қалды. Осының салдарынан, оның ұпайы әлдеқайда кеміді. Жарыс нәтижесінде Милад 12.100 ұпаймен сегізінші орында қалды.

    Еркін жаттығуда Ұлыбритания спортшысы чемпион атанса, жапониялық гимнастар күміс пен қоланы өзара бөлісті.

    Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов ең соңғы сәтке дейін қола жүлдегер қатарында тұрған. Алайда медаль уыстан шығып кетті. Жаттығу кезінде кішігірім қате жіберген Нариман 14.533 ұпаймен төртінші орын алды.

    Ал бұл жаттығу бойынша Ирландия, Иордания және Армения спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді.

    Айта кетелік, спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін аяқталды.

    Нариман Курбанов гимнастикадан әлем чемпионатында жүлдеге қол созым жерден тоқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.