Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіл атлетикадан бес дүркін Азия чемпионы атанған жерлісіміз допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілді

Жарияланған күні:

Виктория Зябкина жарыста
Виктория Зябкина: olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина (қазіргі тегі - Виктория Ан - ред.) тыйым салынған препаратты қолданғаны үшін үлкен спорттан шеттетілді. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Допингке қарсы орталық мәліметінше, жеңіл атлет Виктория Ан 2021 жылдың ақпанында тыйым салынған препаратпен ұсталған. Ол 2021 жылдың 11 мамырынан 2025 жылдың 11 мамырына дейін жеңіл атлетикадан қандай да бір жарыстарға қатыса алмайды. Викторияның допинг сынамасынан метастерон табылған.

Виктория Ан туралы белгілі спорт журналисі Сергей Райлян да жазба қалдырды.

"Біздің жеңіл атлетикадағы кезекті допингілік жайт. Спринттен әйелдер құрамасы үздіктерінің бірі Виктория Зябкина метастерон үшін 4 жылға шеттетілді. Тегін "Ан" деп өзгерткен 30 жастағы спортшы Азия чемпионаты, Азия ойындары мен Универсиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері атанған. Оның допинг сынамасы 2021 жылдың ақпанында оң нәтиже беріпті. Содан бері тексеріс жүзіп, Виктория жарыстарға қатысқан жоқ. Сондықтан із-түзсіз жоғалып кететін спортшыларға назар аударыңыздар", - деп жазды Райлян.

Айта кетелік, Виктория Зябкина қысқа қашықтықтарға жүгіруден бес дүркін Азия, үш дүркін Универсиада чемпионы. Ол Азия ойындарында екі рет медаль алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996108-zenil-atletikadan-bes-durkin-aziya-cempiony-atangan-zerlisimiz-doping-qoldangany-usin-sporttan-settetildi/