jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

    Су добы
    Су добы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бүгін, 7 қарашада Таиландтың Самутпракан қаласында су добынан сары құрлық бәсекесі басталды. Мұнда жүлдеге қол жеткізген құрамалар келесі жылы Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты түрлерінен ХХ Әлем чемпионатына жолдама алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    А тобына түскен Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы матчта жарыс қожайыны Таиландты сенімді жеңді. Есеп: 15-4. Бұл екі құрамадан бөлек, мұнда Үндістан, Иран мен Оңтүстік Корея бар. Ал В тобында Жапония, Қытай, Сингапур, Кувейт пен Гонконг ойнайды.

    Енді Дамир Темірханов баптайтын су добы шеберлері 9 қарашада Үндістанмен, сосын Иран (10 қараша) және Оңтүстік Корея (11 қараша) құрамасымен шеберлік байқасады. Ширек финал матчтары 12 қарашаға жоспарланған.

    Қазақстан құрамасының ойыншылары:

    Олжас Қаныш, Мұрат Шәкенов, Даниил Матолинец, Егор Белоусов, Сұлтан Шоңжігітов, Руслан Ахметов, Данил Артюх, Максим Ламаев, Егор Бербелюк, Эдуард Цой, Темірлан Балфанбаев, Анатолий Пустовалов, Алексей Шмидер;

    Бас бапкер: Дамир Темірханов.

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.