jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізеді

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    8 қараша күні Шотландияның Глазго қаласында әйелдер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогы басталды. Аталған сайыста ел намысын Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасы қорғайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Қазақстандықтар С тобында Ұлыбритания және Испания командаларымен бақ сынайды.

    Ойындар 8 200 көрермен сиятын Emirates Arena стадионының хард төсенінішіндегі кортында өтеді.

    Қазақстан құрамасы сапында биылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева бар.

    Матч алдында өткен баспасөз мәслихатында құрама капитаны Ярослава Шведова қазақстандық қыздардың мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысатынына қарамастан, оларға сенетінін мәлімдеді.

    "Біздің команда мықты, тек Зарина Дияс жетіспейді, дегенмен Жібек Құламбаева қосылды. Қыздар бар ықыласымен дайындалып жатыр, қарсыласты да зерттеудеміз. Әдеттегідей матчқа әзірленудеміз. Азия – Тынық мұхиты аймағында осындай тұрпатта ойнағандықтан, бұл бізге таңсық емес. Жеңіс үшін бар күшімізді саламыз", - деді Шведова.

    Құрама көшбасшысы Елена Рыбакина Глазгоға әлемнің мықты командаларының жиналғанын, олардың әрқайсысының жеңістен үмітті екендігін жеткізді.

    "Қазақстан құрамасы үшін бұл әлем чемпионатының алғашқы финалы болмақ. Әр құрама күшті болғандықтан, бәсеке оңайға түспейді. Жылдың аяғы болғанына қарамастан, қай-қайсысы да ел намысы үшін аянбайды", - деді 23 жастағы спортшы.

    Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева мұндай додаларда рейтингтің рөл атқармайтынын айтты.

    "Билли Джин Кинг кубогында рейтинг ештеңені шешпейді. Кейде үшінші немесе төртінші жүздікке кіретін ойыншы үздік 20, 50 немесе 100 теннисшінің деңгейінде өнер көрсетіп, қарсыласын жеңіп кетіп жатады. Сондай-ақ кейде рейтингісі жоғары спортшылар ұлттық құрама үшін бәсекеде жоғары нәтиже көрсете алмайды. Тек мұнда кортқа шығып, бар шеберлігіңді сарп етіп, өз командаңа ұпай алып беруді ғана ойлау керек", - деді Путинцева.

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-та өткен WTA қорытынды турниріне қатысқандықтан, Глазгоға кейін ұшып келді. Ол мұндағы ауа райы мен кортқа тез бейімделу қажеттігін айтты.

    "Ұлттық құраманың турнирдің финалдық кезеңіне өткеніне қуаныштымын. Мен екінші рет ел намысын қорғамақшымын. Командаға көмектесемін деп үміттенемін", - деді құраманың ең жас ойыншысы Жібек Құламбаева.

    Команданы әлем чемпионатында қолдау үшін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов арнайы келді.

    Айта кетейік, Билли Джин Кинг кубогының Глазгодағы финалдық кезеңі 8-13 қараша аралығында өтеді.

    Қазақстан бүгін Ұлыбританиямен, ертең Испания құрамасымен сынға түседі.

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.