9-11 және 16-18 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы "Халық аренада" шорт-тректен Әлем Кубогының III, IV кезеңі өтеді. Бәсекеге 30 елдің 250-ге жуық таңдаулы спортшысы келеді деп жоспарланып отыр. Бұл қатарда Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда Ұлттық құрама сапында 12 спортшы бақ сынайды:
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанысов;
Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжғалиева, Алёна Волковицкая;
Айта кетейік, Монреальда (Канада) өткен биылғы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ) 2-кезеңде Ұлттық құрама 3 жүлде жеңіп алды. Әуелі Абзал Әжіғалиев 500 метрде мәреге 2-болып келді. Ертесіне Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанса, Әділ Ғалиахметов мың метрге жарыста үздік үштікті қорытындылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1998492-sort-trekten-almatyda-otetin-alem-kubogyna-qatysatyn-qazaqstandyqtardyn-esimi-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.