Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық конькиші қыз әлем кубогінде күміс медаль алып, күйеуінен озып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Надежда Морозова
Надежда Морозова. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Надежда Морозова күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Морозова 1500 метрге жүгіруден жүлдегерлер қатарына ілікті. Ол аталған қашықтықты 1:52.823 секундта жүгіріп өтті.

Ал алтын медальді жапондық Михи Такаги (1:52.549) жеңіп алды. Қола жүлде нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке бұйырды. Осы сайыста бақ сынаған қазақстандық Екатерина Аидова 15-сатыға тұрақтады.

Кеше 1500 метрге (А дивизионы) жарыста ерлер арасында Дмитрий Морозов 17-орыннан көрінсе, 500 метрлік сында (А дивизионы) Екатерина Аидова 13, Алина Дауранова 18-сатыға жайғасқан.

Айта кетелік, Дмитрий Морозова - бүгін жүлде алған Надежданың өмірлік жары. Спортшылар ұлттық құрамада бірге жаттығады және Бейжің Олимпиадасында бірге бақ сынады.

Әлем кубогы кезеңінің соңғы күнінде спортшылар 1000 метр мен масс-старт бойынша жарысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001008-qazaqstandyq-konkisi-qyz-alem-kuboginde-kumis-medal-alyp-kuieuinen-ozyp-ketti-video/