jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    22 жастағы Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

    Hұрғиса Әділетұлы зілтемір көтеріп тұр
    Hұрғиса Әділетұлы. Фото: olympic.kz

    Ауыр атлетикадан Колумбия астанасы Боготода өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрғиса жұлқа көтеруде 174 келіні бағындарса, серпе көтеруде 209 келіні еңсерді. Осылайша, отандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 383 келіні көтерді.

    Бұл салмақта бахрейндік Лесман Парадес жеңімпаз атанды. Ол екі бағдарлама нәтижесінде 397 келіні бағындырған. Қоланы тағы бір бахрейндік спортшы Джор Морено (380 келі) иеленді.

    Айта кетелік, Нұрғиса Әділетұлы 2000 жылы дүниеге келген. Ол 2021 жылы Ташкентте өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері.

    Боготодағы әлем біріншілігінде Қазақстан екі медальмен көзге түсті. Бұған дейін Алексей Чуркин қола жүлдегер атанған еді.

    22 жастағы Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.