Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубайдағы ерекше турнирде өнер көрсетеді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін World Tennis League турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыста "Бүркіттер", "Сұңқарлар", "Қаршығалар", "Әуе жыландары" деп төрт топқа бөлінген 18 ойыншы өнер көрсетеді.

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина "Қаршығалар" тобында германиялық Александр Зверев, аустриялық Доминик Тим және эстониялық Анетт Контавейтпен бірге ойнайды.

Барлық топ бір-бірімен кездеседі.

Ең үздік екі топ финалда мықтыны анықтамақ.

Әр бәсеке үш ойыннан тұрады, біреуі ерлер, екіншісі әйелдер арасында, үшіншісі аралас жұпта (микст) болады.

Рыбакина 20 желтоқсанда әлемнің бесінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен сынға түседі.

Отандық спортшы 22 желтоқсанда Зверевпен бірге канадалықтар Феликс Оже-Альяссим - Эжени Бушармен кортқа шығады.

23 желтоқсан күні Елена әлемнің төртінші ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002213-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-dubaidagy-erekse-turnirde-oner-korsetedi/

pixel