jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

    Путинцева
    Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

    Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен өткізді.

    Бірінші партияда румыниялық спотшы басым түсті - 6:2. Есесіне содан кейін Юлия таразы басын теңестіріп, үшінші сетте жеңісті жұлып алды (6:4, 6:3).

    Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. 

    Енді қазақстандық теннисші үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.

    Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.