jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    19 жасында бір аяғынан айырылған Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионы атанды

    Пара биатлонист Ербол Хамитов
    Ербол Хамитов. Фото: Комитет по делам спорта и физической культуры МКС РК

    Петропавл қаласының тумасы Ербол Хамитов пара шаңғыдан Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Ол спринт бойынша мәре сызығын бірінші кесіп өтті, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ербол Хамитов әлем чемпионатындағы спринтті 2:44,23 уақытта бағындырып, жеңіске жетті.

    Мәреге екінші болып украиндық спортшы Тарас Рад келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.

    Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні пара биатлоннан қола жүлдеге ие болған.

    Айта кетсек, пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты 21-29 каңтар аралығында Швецияның Эстерсунд қаласында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетуде.

    Ербол Хамитовтың шаңғымен айналыса бастағанына көп болған жоқ. Бұрын ережесіз жекпе-жек және грэпплингпен айналысқан спортшы 2017 жылы ауыр оқ жарақатын алып, бір аяғын кестіріп тастаған болатын.

    Қиын сынақтан соң өзін жоғалтпаған Ербол пара шаңғы және пара биатлонмен айналысып, биыл өзінің әлемдік деңгейдегі тырнақалды табысына қол жеткізіп отыр.

    19 жасында бір аяғынан айырылған Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.