jitsu gif
Спорт

    Азия біріншілігі: Қазақстанның қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте нешінші орынға ие болды

    Шаршы алаң
    Көрнекі фото: pexels.com

    Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының жалпыкомандалық есепте нешінші орын алғаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Байрақты бәсекеде Қазақстанның қыздар құрамасы екі алтын, 7 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрінді.

    Көш басында Өзбекстан құрамасы тұрса, екінші орында жарыс қожайындары Таиланд қанағат тұтты.

    Жалпыкомандалық есепте үздік өнер көрсеткен мемлекеттер:

    1. Өзбекстан — 5 алтын - 3 күміс - 2 қола,

    2. Таиланд — 3 алтын - 1 күміс - 1 қола,

    3. Қазақстан — 2 алтын - 0 - 7 қола,

    4. Моңғолия — 1 алтын - 3 күміс - 2 қола,

    5. Қытай — 0 - 2 күміс - 0 қола.

    Еске сала кетейік, 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жасмин Қизатова Азия чемпионы атанды. Финалда ол өзбек қызы Азиза Зокированы 3:2 есебімен жеңіп, алтын медаль тағынды.

    Тағы бір алтынды 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Гүлсая Ержан ұтып алды. Ол ақтық сында шаршы алаң қожайыны Порниппа Чутиді 3:2 есебімен ұтқан.

    Азия біріншілігі: Қазақстанның қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте нешінші орынға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.