jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

    теннис
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қазақстанның теннис федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, отандық теннисшілер алғашқы кездесуінде Жапония өкілдері Эрина Хаяши - Саки Имамураны 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

    Енді Жібек пен Гөзал жартылай финалға шығу үшін өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен ойнамақ.

    Айта кетейік, аталған турнирде жекелей сында өнер көрсеткен қазақстандықтар екінші айналымнан аса алмады.

    Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.