jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Финалды қатты күтемін": Рыбакинаның ақтық сындағы қарсыласы мәлімдеме жасады

    Арина Соболенко кортта
    Арина Соболенко. Фото: instagram/sabalenka_aryna

    Australian Open - 2023 турнирінің әйелдер арасындағы финалдық сынында кездесетін спортшылар анықталды. Чемпиондық атаққа қазақстандық Елена Рыбакина мен белоруссиялық Арина Соболенко таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осы орайда, Рыбакинаның финалдағы қарсыласы Соболенко қазақстандық теннисші туралы ойымен бөлісті.

    "Бұл кортта ойнау мен үшін үлкен жетістік. Елена - керемет ойыншы! Суперагрессивті, оның "Үлкен дулыға" турнирінде бір жеңісі бар. Бұл керемет болады, мен финалды қатты асыға күтудемін", - деді Соболенко.

    Еске сала кетейік, Арина Соболенко жартылай финалда польшалық Магда Линетті жеңді.

    Ал Елена Рыбакина белоруссиялық Виктория Азаренконы екі партия қорытындысы бойынша ұтты.

    Финалдық кездесу 28 қаңтар күні өтеді.

    "Финалды қатты күтемін": Рыбакинаның ақтық сындағы қарсыласы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.