Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенсациялық нәтиже": Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева
Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан "Шахмат жұлдыздары" атты халықаралық турнирде сенсация тіркелді. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Ресейлік әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Оның салқынқанды ойынымен Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, жеңіске жетті.

Бибісара Асаубаева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

"Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым", - деді Карякин ойыннан кейін.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр.

Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007104-sensaciyalyq-natize-bibisara-asaubaeva-xalyqaralyq-turnirdin-basty-favoritin-zendi/

pixel