Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дидар Хамза Гран-при турнирінде қола медальдан айырылды

Опубликовано:

Дидар Хамза
Дидар Хамза татамиде. Фото: olympic.kz

Португалияда дзюдодан Гран-при турнирі аяқталуға жақын. Қазақстандық спортшы Дидар Хамза қола медаль үшін күресіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дидар 90 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Ол өз тобында Испания, Нидерланд, Франция дзюдошыларын жеңіп, жартылай финалға жеткен болатын.

Ақтық сын үшін өткен айқаста Дидар венгриялық тәжірибелі балуан, Токио Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Кристиан Тотпен кездесті. Аталған белдесуде екі спортшы да әдіс жасаған жоқ. Алайда төреші белдесу кезінде ережені көп бұзғаны үшін Дидарға үш рет ескерту беріп, жеңіс Кристианның еншісінде кетті.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Дидар Хамза тағы бір венгриялық балуан Ролан Гозден ұтылды. Бұл жолы қарсылас "ваззари" әдісін жасап, қазақстандық балуанды қола медальдан қақты.

Осылайша, Дидар Хамза Гран-при турнирін бесінші орынмен аяқтап отыр. Қазақстан еншісінде бір алтын, екі күміс медаль бар.

Алтынды 48 келі салмақта Абиба Әбужақынова иеленсе, күмісті Ғалия Тынбаева мен 73 келідегі Жансай Смағұлов жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007216-didar-xamza-gran-pri-turnirinde-qola-medaldan-aiyryldy/

pixel