jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық каратэшілер Каирдегі премьер-лигада ел қоржынына 4 медаль салды

    Софья Берульцева
    Софья Берульцева. Фото: olympic.kz

    Мысыр астанасы Каирде WKF каратэден премьер-лиганың биылғы алғашқы бәсекесі аяқталды. Байрақты бәсекеде әлем рейтингінде әр салмақтың үздік 30 спортшы ғана бақ сынады. Барлығы 61 елден 434 татами шебері жиналды. Бұлардың арасында Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Екі күнге созылған турнирде Ұлттық құрама спортшылары 4 жүлдеге қол жеткізді.

    Кумите бағдарламасында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай финалда жарыс қожайыны, мысырлық Мұхамед Габерді 3-1 есебімен ұтып, чемпион атанды.

    Ал әйелдер арасындағы кумитенің +68 келі салмағында бас жүлдені Токио Олимпиадасының қатысушысы отандасымыз Софья Берульцева мен жапониялық Аюми Уэкуса сарапқа салды.

    Тартысты өткен жекпе-жектің соңында Аюми жеңісті жұлып әкетті. Есеп: 7-1.

    Сондай-ақ Дидар Әмірәлі (-67 келі) мен Бейбарыс Жаңбыр турнирде (-75 келі) қола жүлдегер атанды.

    Қазақстандық каратэшілер Каирдегі премьер-лигада ел қоржынына 4 медаль салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.