jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрдәулетов Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі туралы пікір білдірді

    Нұрдәулетов
    Қайрат Нұрдәулетов. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесінің қорытындысы бойынша пікір білдірді, деп жазады Қазақстан футбол федерациясы.

    "Біздің топқа жақсы қарсыластар жиналды деп ойлаймын. Испания, Бельгия және Шотландия құрамалармен соңғы жылдарда кездестік. Сол себепті өткен ойындардың бізге бір көмегі болады деп санаймын. Венгрия мықты қарсыластардың бірі. Соңғы нәтижелерінің жақсы екенін аңғаруға болады. Деңгейі жылдан жылға өсіп келе жатқан ұжымдардың арасында Мальта құрамасы бар. Тобымыздан тартысты ойындар күтеміз. Жас футболшыларымызға мол тәжірибе болады. Жақсы ойын көрсетеміз деп сенемін", - деді ол.

    Сонымен қатар Қайрат Нұрдәулетов іріктеу кезеңіне дайындық қалай жүргізілетінін айтты.

    "10-18 ақпан аралығында Түркияға барамыз. Сол жақта оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқан футболшылардың жағдайымен танысып, сараптамалық жұмыстар жүргіземіз. Біздің ең басты мақсатымыз – ұлттық құрамаға ойыншылар тәрбиелеу. Осы іріктеуде де Астанов, Самородов, Жұмабек сияқты футболшыларды дайындап шығарғымыз келеді", - деді Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері.

    Нұрдәулетов Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.