jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қолымды сындыра жаздады": Қазақ қызы Париждегі турнирде қарсыласының аяғын неге тістеп алғанын түсіндірді (видео)

    Айгерім Әбілқадырова
    Айгерім Әбілқадырова. Фото: instagram/ab_aigerimm

    Париждегі Grand Slam турнирінде қарсыласының аяғын тістеп алған қазақстандық дзюдошы Айгерім Әбілқадырова неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіріп, желіде бейнежолдау жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетелік, Айгерім турнирдің бірінші айналымында бельгиялық Шарлин ван Сникпен кездесіп, ұтылып қалды. Кейін белдесу соңында қарсыласының аяғынан тістеп алды.

    Желіде бейнжолдау жариялаған қазақстандық дзюдошы мұндай қадамға бару себебін айтты.

    "Барлық диван сыншыларына жауап берейін. Кеше Париждегі Grand Slam турнирінде мен бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтақ буынымды тартып, ауырту әдісін жасады. Мен берілгенімді білдіріп, белгі бердім. Бірақ бельгиялық спортшы бұған қарамай, қолымды сындыра бастады.

    Осыдан соң сол жақ буынымның қытырлай бастағанын естіп, амалсыздан және қатты ауырғандықтан автоматты түрде оны тістеп алдым. Оның үстіне, төреші бұл жағдайға мүлде мән бермей, белдесуді тоқтатпады", - деді Айгерім.

    Айгерім Әбілқадырова дзюдодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы. Ол 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

    "Қолымды сындыра жаздады": Қазақ қызы Париждегі турнирде қарсыласының аяғын неге тістеп алғанын түсіндірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.