jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Ашуға берілген отандық теннисші жанкүйер алдында жерді ұрғылап, үш ракеткасын сындырып тастады (видео)

    Александр Бублик ракеткамен жерді ұрғылауда
    Александр Бублик. Скриншот: t.me/sportilinet

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан турнирде эмоциясын жасыра алмады. Қатарынан тоғызыншы рет ұтылған ойыншы көпшілік алдында ашуға беріліп, ракеткасын жерге ұрғылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бубликтің ашуға беріліп, ракеткаларын сындырған сәтін "Спорт Шредингера" Telegam арнасы жариялады.

    Видеодан теннисшінің тым қатты ашуланып, ракеткамен жерді ұрғылаған сәтін байқауға болады. Ол жалпы есебі үш ракеткасын сындырып тастаған.

    Отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында Александр Бублик 4:6, 7:6, 6:7 есебімен қарсыласына есе жіберді.

    Осылайша, Бублик Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

    Александр Бублик Қазақстанның бірінші, АТР рейтингі бойынша әлемнің 50-ракеткасы саналады.

    Ашуға берілген отандық теннисші жанкүйер алдында жерді ұрғылап, үш ракеткасын сындырып тастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.