jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы Алмат Бекбаев әйгілі франциялық ойыншымен ерегесіп қалды

    Алмат Бекбаев пен Флоран Малуда кикілжің үстінде
    Алмат Бекбаев пен Флоран Малуда. Фото: meta-ratings.kz

    Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Мәскеуде өткен "Аңыздар кубогінде" әйгілі франциялық ойыншымен ерегесіп қалды. Бұл туралы Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Аңыздар кубогі" матчында Бекбаев ТМД құрамасында өнер көрсетіп, әлемдік футбол жұлдыздарына қарсы шықты. Матч кезінде Бекбаев әйгілі Франция құрамасы мен "Челси" ойыншысы Флоран Малудамен қақтығысып қалған.

    "Малудамен кикілжің кезінде эмоцияға беріліп кеттім. Менің оған қарсы ереже бұзғаным Малудаға ұнамай қалды. Мұны төбелес деп айтпас едім. Жай ерегес. Кейін қонақүйде татуластық. Барлық командалар бір локацияда тұрды", - дейді Бекбаев.

    "Аңыздар кубогі" - танымал футбол жұлдыздарымен өтетін жыл сайынғы турнир. Бұл сында ТМД құрамасын 6:4 есебімен жеңген ресейліктер топ жарды. ТМД құрамасында қазақстандықтар Алмат Бекбаев пен Фархадбек Ырысметов сынға түскен.

    Әлемдік футбол жұлдыздары арасынан турнирге Майкон, Эрик Абидаль, Флоран Малуда, Эстебан Камбьяссо, Педру Мендеш, Алехандро Домингес және басқалары қатысты.

    Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы Алмат Бекбаев әйгілі франциялық ойыншымен ерегесіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.