jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жалғастырудан өз еркімен бас тартты

    Рыбакина
    Рыбакина корттта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Дубайдағы WTA-1000 санатындағы турнирге қатысып жатқан Елена Рыбакина жарысты жалғастырудан бас тартты. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Елена турнирдің үшінші айналымында америкалық Кори Гауфпен ойнауға тиіс еді. Алайда ол жекелей және жұптық сындағы кездесулердің бәрінен бас тартты.

    Бұған спортшының арқасындағы жарақат себеп болған.

    Ал әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын Гауф ширек финалға өтіп, өз отандасы Мэдисон Кизбен ойнайды.

    Айта кетелік, Елена Рыбакина WTA рейтингінде 10-орында тұр.

    Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жалғастырудан өз еркімен бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.