jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шакираның әйгілі хит әніне билеген қазақ қызы әлем кубогында күміс медаль алды (видео)

    Эльжана Таниева таспамен жаттығуда
    Эльжана Таниева. Фото: instagram/kazteam_official

    Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған бағдарламада 33,8 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреген. Бұл Эльжананың биылғы маусымда жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұл бәсекеде украиналық Виктория Оноприенко жеңіске жетсе, қоланы болгариялық Ева Брезалиева иеленді.

    Сондай-ақ Таниева ұршық және таспамен жаттығудан финалға шыққан болатын. Ұршықпен жаттығуда Эльжана жүлдеге қол созым жерден тоқтап, төртінші орын алды.

    Ал шығыршық жаттығуында алғашқы алтылыққа енді. Көпсайыс қорытындысы бойынша ол тоғызыншы орыннан көрінген.

    Айта кетелік, Эльжана Таниева биыл ұршыққа арналған бағдарламасын Шакираның әйгілі "Loca" әнінің ырғағымен орындайды.

    Тартудағы әлем кубогіне 29 елден гимнастар қатысқан.

    Шакираның әйгілі хит әніне билеген қазақ қызы әлем кубогында күміс медаль алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.