
Өткен демалыс күндері Жезқазғанда "ORTA CUP" турнирі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оған облыс бойынша 13 команда қатысқан. "Қазақмыстың" намысын Жезқазған кен-байыту фабрикасының жұмысшылары қорғады.
Біздің спортшылар спорт жарыстарына тұрақты түрде қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл волейбол турнирінде де олар жақсы ойын көрсетті - кен-байыту фабрикасының өкілдері бірінші және екінші орынды иеленді. Ал үшінші және төртінші орынды Жезқазған мен Сәтбаев қаласынан келген командалар өзара бөлісті.

Осылайша біздің әуесқой спортшыларымыз "Қазақмыс" кәсіпорындарында дарынды, алға ұмтылғыш, өндірісте де, спортта да үлкен жетістіктерге қол жеткізуге қауқарлы жандар жұмыс істейтінін кезекті рет дәлелдеп берді.
Біздің чемпиондарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011183-qazaqmys-zumyssylary-ulytau-oblysy-boiynsa-voleiboldan-cempion-atandy/