jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жас теннисші рейтингтегі орнын жақсартты

    Ева Корышева
    Ева Корышева. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Еуропа теннис қауымдастығы (TE) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жариялады. Оған сәйкес, Ева Корышева Еуропадағы үздік 50 спортшының қатарына енді, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

    Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ева Корышева 61-ден 45-орынға көтерілді.

    Томирис Нұржан 118, Еркежан Жаңатаева 199-сатыда тұр.

    Ұлдар арасында астаналық Ярослав Пшеничный 73-орында болса, Роберт Каминский 149-дан 99-ға шығып, ТОП-100-ге енді. Михаил Мищенко 128-сатыда.

    ITF жасөспірімдер рейтингісінде Сандуғаш Кенжебаева – 87, Асылжан Арыстанбекова – 128, Дана Байдәулет – 148, Айя Нұпбай 159-орында келеді.

    Бозбалалар арасында Ерасыл Ерділдә – 118, Максим Батютенко – 123, Виталий Зацепин – 200, Ильяс Маратұлы – 277, Әмір Омарханов 283-орында.

    Заңғар Нұрланұлы 933-тен бірден 844-ке жоғарылады.

    Қазақстандық жас теннисші рейтингтегі орнын жақсартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.