jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Афиныда өткен халықаралық турнирде отандық спортшылар алты медаль жеңіп алды

    гимнастика
    Көрнекі фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан VIII "Афродита Кубогы" атты халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    Байрақты бәсекенің жекелей сынында Ұлттық құраманың 3 спортшысы жүлдеге қол жеткізді.

    Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, шығыршықпен көрсеткен жаттығуда жетінші, лентамен өнер көрсетуде 8-орыннан көрінді.

    Ал Милана Парфилова шығыршықпен және доппен өнер көрсетуде финалға жетіп, қос бағдарламада да күміс жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ жастар арасында Айым Мейіржанова лентамен жаттығу көрсетіп, қола жүлдеге қол созды. Оның еншісінде 25.850 ұпай бар.

    Командалық сайыста (Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Әсел Шүкірбай) қазақстандықтар 3+2 бағдарламада (3 гимнаст лентамен, екеуі доппен) 25.800 ұпай жинап, 2-орын алды. Бұл сында жарыс қожайыны Грекия топ жарса, үздік үштікті АҚШ құрамасы қорытындылады.

    Қазақстан қоржынына соңғы жүлдені топтық сайыста жастар салды. Олардың финалдағы лентамен көрсеткен бағдарламасына төрешілер 28.050 балл берді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Италия мен Болгариядан кейін тұғыр сатысына көтерілді.

    Афиныда өткен халықаралық турнирде отандық спортшылар алты медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.