jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Рыбакина әлемнің бұрынғы екінші ракеткасын еш қиындықсыз ұтты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Америка Құрама штаттарында өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық теннисші турнирдің үшінші айналымында әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты.

    1 сағат 36 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын еш қиындықсыз ұтты. Есеп: 6:3, 7:5.

    Осылайша, қазақстандық спортшы Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алып отыр.

    Енді Елена Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шығу үшін ресейліктер Дарья Касаткина немесе Варвара Грачеваның біреуімен кездеседі.

    Айта кетейік, Паула Бадоса - WTA ұйымдастырған үш ірі турнирдің жеңімпазы және әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы.

    Рыбакина әлемнің бұрынғы екінші ракеткасын еш қиындықсыз ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.