Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина тарихи нәтижеге қол жеткізді

Жарияланған күні:

теннис
Рыбакина кортта. Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Америка Құрама штаттарында өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің ширек финалында әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен шеберлік байқасты.

Үш сетке жалғасқан ойында Елена Рыбакина қарсыласын 7:6(7:4), 2:6, 6:4 есебімен ұтты.

Осылайша, қазақстандық спортшы мансабында алғаш рет Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шығып отыр.

Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі. Матч 18 наурыз күні болады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013264-rybakina-indian-uells-masters-turnirinin-zartylai-finalyna-syqty/