jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақ баласы Албаниядағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

    Нұрасыл Арапбай зілтемір көтеруде
    Нұрасыл Арапбай. Фото: Ауыр атлетика федерациясы

    Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қыздар арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дарья Балабюк қола медаль иеленді. Ол жұлқа көтеруден үздік үштікке енген. Дарьяның нәтижесі - 175 келі (78+97 келі).

    Сондай-ақ ерлер арасындағы сында Нұрасыл Арапбай (67 келі салмақ дәрежесі) 266 келіні еңсеріп, жалпы есепте төртінші орын алды. Ал серпе көтеруде кіші қолаға иелік етті.

    Айта кетейік, 1 сәуірге дейін жалғасатын дүбірлі додада еліміздің атынан 11 ауыр атлет қатысып жатыр.

    Қазақ баласы Албаниядағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.