jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Austrian Open турнирінде отандық спортшылар 15 медаль жеңіп алды

    таеквондошылар мен бапкерлер құрамы
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Аустрияның Инсбрук қаласында таеквондодан G1 санатындағы Austrian Open халықаралық турнирі аяқталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 5 алтын, 5 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Турнирде ел қоржынына алтын медаль салған спортшылардың арасында Жавохирхон Исламов (54 келі), Бауыржан Хасенов (+87 келі), Рита Бакишева (46 келі), Ботагөз Қапанова (49 келі), Азиза Караджанова (53 келі) бар.

    Күміс жүлдегерлер: Темірлан Тілеулес (54 келі), Самирхон Абабакиров (58 келі), Эльдар Бірімбай (68 келі), Нұрқанат Қожахмет (74 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі);

    Қола жүлдегерлер: Ерасыл Нұрхан, Самат Темірхан (54 келі), Бегжан Нүснәлім (74 келі), Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі):

    Айта кетейік, таеквондода рейтингі ең жоғары бәсеке Олимпиада ойындары (G20) саналады. Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6). Ал GP Challenge және World Military Champions санатындағы бәсекелердің рейтингі төмен (G1).

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.