jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның бірінші ракеткасы үздік 50 теннисшінің арасынан шығып қалды

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 56-ға сырғыса, Тимофей Скатов 155-тен 144-ке көтерілді. Денис Евсеев те жағдайын жақсартты, ол 302-орынға жайғасты. Бейбіт Жұқаев 343-тен бірден 315-ке жоғарылады.

    Жұптық сында Андрей Голубев 68, Александр Недовесов 70-сатыда тұр.

    Әйелдер арасында Юлия Путинцева 47, Жібек Құламбаева 441, Гөзал Айнитдинова 450-сатыда келеді.

    Жұптық сында Анна Данилина 27-орнын сақтады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның жаңартылған рейтингте жетінші орнын сақтап қалғанын жазған едік.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы үздік 50 теннисшінің арасынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.