Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп адамнан естідім": 20 жастағы қазақ баласы өзін атақты спортшыға теңегендерге жауап берді

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев кезекті жеңісінен соң
Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

20 жасар дзюдошы Нұрқанат Серікбаев ересектер арасындағы додаға сеніммен қадам басты. Жас балуан өзі қатысқан екі Grand Slam турнирінің екеуінен де жүлдемен оралып отыр, деп жазады Bassport.kz.

Осы орайда, Нұрқанат Серікбаев ересектер арасындағы екі жарысын қорытындылап өтті.

"Шыны керек, Ташкенттегі турнирдің финалында мен қатты асығып кеттім. Асығыстық салдарынан оның әдісіне түсіп, мерзімінен бұрын ұтылып қалған жайым бар. Кейін осының бәрін сараптап, қате жібермеуге тырыстым. Асықпай, өз сезімдерімді ретке келтіріп, ыңғайлы әдістерімді жасадым. Осылайша, Оңтүстік Корея балуаннынан Ташкентте кеткен есем Антальяда қайтты", - дейді Нұрқанат.

Сондай-ақ Серікбаев Антальяда жеңілуінің себебін де айтты.

"Жартылай финалдағы жеңіліс те менің қателігім. Украиналық балуан қылғындыру әдісімен ұтып кетті. Негізі, төрттағанда жатып, тезірек тұрып кетуді ойладым. Сол ойымды жүзеге асырмақ болғанда, қарсыласым пайдаланып кетті. Қылғындыруға түсіп қалдым. Бірақ бұл жеңілістің маған пайдасы тиді. Өйткені осы қателігіммен жұмыс істеп, келесі жолы сақ боламын. Бұдан да мықты боламын деген үмітім бар", - деді ол.

Сөз соңында Нұрқанат өзін Елдос Сметовтің ізбасары деп атайтынына қатты қуанатынын жеткізді.

"Осы сөзді көп адамнан естіп, қуанып қалдым. Елдос ағамыздың ізбасары деп атап жатыр екен. Егер Елдос ағамыздай болсақ, жаман болмайтыным анық. Халықтың мені Сметовке теңеп жатқанынан қатты қуанамын. Өзім де сол кісі сияқты болу үшін бар күшімді саламын", - деді спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015561-kop-adamnan-estidim-20-zastagy-qazaq-balasy-ozin-ataqty-sportsyga-tenegenderge-zauap-berdi/

pixel