jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Делидегі гран-при аяқталды: Бибісара Асаубаева жеңімпаз атанды ма

    шахматшы
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Шахматтан Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 3-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Соңғы турға дейін көш бастап келе жатқан Бибісара Асаубаева 3-кезеңді екінші орынмен аяқтады.

    Отандық шахматшы шешуші 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.

    Сонымен қатар қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 баллға қол жеткізді.

    "Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алды. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.

    Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара Асаубаева бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.

    Делидегі гран-при аяқталды: Бибісара Асаубаева жеңімпаз атанды ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.