jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық теннисші әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сенсация жасады

    Путинцева
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Ұлттық теннис орталығында Қазақстан – Польша матчы өтіп жатыр. Кортқа алғашқы болып әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

    Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда жеңіске жеткен.

    Бірінші партияда Польша спортшысы 4:0 есебімен алға шыққан еді. Тек содан кейін ғана Юлия есепті қысқартты – 2:4. Магда есеп 5:2 болып, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұдан соң қазақстандық теннисші күш алды. Нәтижесінде 7:5 есебімен жеңіске жетті.

    Қатарынан жеті геймді өз есебіне жазған Путинцева екінші сетті де сәтті бастады – 2:0. Содан соң тағы бір брейк жасап, 4:1-ге жеткізгенімен, Линетт сол бойда қайта қысқартты. Дегенмен Путинцева бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

    Осылайша, Қазақстан Польшаға қарсы ойында 1:0 есебімен алға шықты.

    Отандық теннисші әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сенсация жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.