jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Рыбакина Әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан құрамасына екінші ұпайды алып келді

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық теннисші іріктеу кезеңінде әлемдік рейтингте 253-сатыда тұрған Польша өкілі Вероника Фальковскамен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында Елена Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

    Қос теннисші арасындағы матч бір сағат жиырма төрт минутқа созылды.

    Бұл - Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының екінші жеңісі.

    Осыған дейін Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линеттен басым түскен еді.

    Рыбакина Әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан құрамасына екінші ұпайды алып келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.