jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Періштелерді көрдім": румыниялық ауыр атлет жарыс кезінде есінен танып, құлап қалды

    Зілтемір
    Зілтемір. Фото: pixabay.com

    Армения астанасын Ереванда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатында румыниялық спортшы қыз есінен танып қалды, деп хабарлайды РИА Спорт сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    55 келіде сынға түскен Андреа Котрута жарыс кезінде есінен танып қалды. 19 жастағы спортшы серпе көтерудегі екінші мүмкіндігін орындау кезінде өзін жайсыз сезінген. Десе де, есінен танып қалған спортшы аяққа тұрып, жаттығу бөлмесіне аттанды.

    Көп мөлшерде су ішкен спортшыны бапкерлері қалыпқа келтіріп, Андреа 110 келіні еңсерді. Нәтижесінде, қоссайыс бағдарламасында 210 келіні бағындырып, Еуропа чемпионы атанды.

    "Мен не болғанын білмей қалдым. Сол сәтте періштелерді, залда ұшып жүрген адамдарды көрдім де, құлап қалдым", - дейді Котрута.

    Айта кетелік, бұған дейін түркиялық Баяв Пелинсу да жарыс кезінде есінен танып, құлап қалған болатын.

    "Періштелерді көрдім": румыниялық ауыр атлет жарыс кезінде есінен танып, құлап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.