jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Александр Бублик Барселонадағы турнирді сәтсіз бастады

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: PASCAL GUYOT/AFP via Getty Images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық спортшы турнирдің алғашқы айналымында Финляндия өкілі Эмиль Руусувуоримен шеберлік байқасты.

    55 минутқа созылған матчта Александр Бублик қарсыласынан 6:0, 6:3 есебімен жеңілді. Осылайша, ол Барселона қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің келесі айналымына шыға алған жоқ.

    Енді финляндиялық теннисші жарыстың екінші айналымында АҚШ спортшысы Фрэнсиса Тиафомен ойнамақ.

    Александр Бублик Барселонадағы турнирді сәтсіз бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.