jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзімді кінәлі сезінбеймін": Біржан Жақыпов өзін бас бапкердің "сүйікті спортшысы" деп сынағандарға жауап берді

    Біржан Жақыпов пен Мырзағали Айтжанов
    Біржан Жақыпов пен Мырзағали Айтжанов. Фото: kfb.kz

    Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов ұзақ жылдар бойы өзін бас бапкер Мырзағали Айтжанов "сүйреп келді" деген сынға жауап беріп, өзін кінәлі сезінбейтінін айтты. Бұл туралы Qazaq Ring жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    49 келіде ұзақ жылдар бойы команданың бірінші нөмірлі боксшысы болған Біржан Жақыпов өзінің жеке бапкері Мырзағали Айтжановпен арадағы жағдайға байланысты пікір білдірді.

    Айта кетелік, жанкүйерлер арасында ұлттық құраманың бас бапкері өзінің төл шәкіртіне басымдық береді деген ой қалыптасқан болатын.

    "Халық ілеспе ғой. Басқалардың сөзіне ілесіп кете береді. Иә, ағайымыз басынан бастап дайындап, үлкен жетісікке шығарды. Бокс ешкім қарамайтын спорт емес қой. Мені жарыстарға апара беретіндей, мен басқалармен айына бір рет кездесіп жатқаным жоқ. Біз жыл он екі ай біргеміз, аптасына үш рет бокстасамыз. Үш рет аптасына төбелесеміз. Оны бүкіл Қазақстанның бапкерлері қарап отырады. Егер әділетсіз болса, олар да айтады ғой. Өзімді кінәлі сезінбеймін. Лайықты жұдырықтастым. Екі Олимпиадаға барып, үшіншісіне жастарды жібергім келген. Бірақ АІВА Pro Boxing жобасынан лицензия алып, үшінші ойынға қатыстым. "Ер кезегі үшке дейін", - деген сөз бар. Осы үшінші ойынға қатты үмітпен бардым. Бірақ болмады. Қазір ағаймен араласып тұрамын. Бокстан алыстағаным жоқ. Ара-қатынасымыз үзілмеді", - дейді Жақыпов.

    "Өзімді кінәлі сезінбеймін": Біржан Жақыпов өзін бас бапкердің "сүйікті спортшысы" деп сынағандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.