Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина жүлде қоры 780 мың еуродан асатын турнирдің келесі кезеңіне шықты

Опубликовано:

теннис
Елена Рыбакина кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық теннисшісі турнирдің алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған Германия өкілі Юле Нимайермен шеберлік байқасты.

Бір жарым сағатқа созылған матчта Елена Рыбакина қарсыласынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Қазақстандық спортшы 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2017527-rybakina-zulde-qory-780-myn-eurodan-asatyn-turnirdin-kelesi-kezenine-syqty/

pixel