Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан азаматтығынан үш спортшының бас тартқаны рас па: Асхат Оралов пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Оралов
Асхат Оралов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілер туралы ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Оралов қазіргі уақытта бұл мәселені тиісті комитет пен хоккей федерациясы қарап жатқанын, сондықтан ресми ақпарат кейінірек жарияланатынын жеткізді.

"Біз тек хоккейге ғана емес, барлық спорт үшін алаңдаймыз. Әсіресе ұлттық құрама үшін. Алайда бірінші кезекті біз отандық спортшыларымыздың ұлттық құрама сапында өнер көрсеткеніне қызығамыз. Сіз бұл мәселенің бүгін пайда болмағанын білесіз, бірақ тез арада біз оны шешуіміз керек", - деді министр.

Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты көші қон комитеті түсініктеме берді, деп жазады Қазақпарат.

"Конституцияның 10-бабына сәйкес, елімізде қос ел азаматтығын қатар алып жүруге тыйым салынады. Біздің елімізде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мүмкіндігі қарастырылған мамандықтар тізімі бар. Ол мамандықтардың ішінде споршылар да бар. Бірақ олар Қазақстанда 5 жылдан артық тұрмауы тиіс. Біз кейбір жетістіктердің шетелдік кәсіби мамандардың арқасында келетінін түсінеміз. Бұндай тәжірибе әлем елдерінде бар", - деді көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов.

Оның сөзінше, Қазақстан азаматтығын алған шетелдік заң талаптарына сәйкес өз елінің азаматтығынан бас тартуы тиіс.

"Шетел тұрғыны біздің азаматтықты алған соң, келген еліне азаматтығынан айыру жөнінде өтініш беруі қажет. Ол белгілі бір уақыт алады. Жалпы азаматтық беру мәселесіне қатысты бақылау Ішкі істер министрлігінің құзыретінде. Қазақстан азаматтығынан бас тартқан үш хоккейшіге қатысты мән-жайды министрліктен хат арқылы жауап беруін сұраймыз", - деді Ілияс Испанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде шайбалы хоккейден үш ойыншы әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2017531-qazaqstan-azamattygynan-us-sportsynyn-bas-bartqany-ras-pa-asxat-oralov-pikir-bildirdi/

pixel