Спорт

Зектілері

Atameken Business командасы волейболдан журналистер арасында екі дүркін чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Команда по волейболу Atameken Business
Фото: Parimatch

Аптаның басында қазақстандық БАҚ арасында волейболдан BAQ League 4-маусымының финалы өтті. Бұл кездесуде Atameken Business телеарнасы қызметкерлерінен құрылған команда жеңімпаз болып, екі дүркін чемпион атанды. Матчтан кейін команда капитаны Самат Қанағатов Parimatch-қа сұхбат беріп, ойыннан алған әсерін және команданың алдағы жылға арналған жоспарын бөлісті.

BAQ League салауатты өмір салтын насихаттау және әуесқой спортты дамыту мақсатында БАҚ өкілдері арасында жыл сайынғы шағын футбол және волейбол жарыстарын өткізіп отырады. Atameken Business-волейболдан лиганың тұрақты қатысушысы және қазіргі чемпионы.

- Сіздерді волейбол командасын құруға қандай жағдай шабыттандырды?

- Біз төрт жыл бұрын BIG League-ның негізін қалаушы Азиз Жұмаділдің БАҚ арасында волейболдан турнир ұйымдастыруды жоспарлап жүргені жайлы естідік. Бізге бұл идея бірден ұнады және біз өз арнамыздағы қызметкерлер арасынан команда жинай бастадық. Бізде болейболдан тәжірибе болған жоқ, тек бірнеше әріптестеріміз волейбол ойнай алатын, бірақ біз ештеңеге қарамастан өз күшімізді сынап көруді шештік.

Басында оңай болған жоқ. Алғашқы екі маусымда біз соңғы орындарды иеленіп жүрдік. Ойыншыларымыздың басым көпшілігі нәтижелеге көңілі толмай, командадан кетіп қалды, сапта тек ең табандылары ғана қалды: капитан Самат Қанағатов, Сымбат Заманбеков, Айбек Құрмет, Айжан Ілиясқызы және біздің каналдың бас директоры Қанат Сахариянов. Қазір біздің құрамда 15 адам бар.

- Ерекше мақтан тұтатын жетістіктеріңізді атап өтсеңіздер

- Біздің үшінші маусымдағы қанжығамызға байлаған алғашқы жеңісіміз. Біз ойынға жақсы дайындықпен келдік, команданы жас, әрі болашағы зор ойыншы Ермахан Қаракеновпен нығайттық. Ол бірден команданың көшбасшысы болып кетті. Топтық кезеңнен біз 1-ші орынға шықтық, сол қарқында 3:1 есебімен "7 арнаны" жеңіп, финалға өттік. Матч шамамен 3 сағатқа созылды, бірақ біз бар күш-жігерімізді салып, көптен күткен кубокты жеңіп алдық. Бұл өте қуанышты сәт болды!

Ал биылғы жылы біз екі дүркін чемпион атандық. Еш тәжірибесіз басынан бастаған команда үшін бұл керемет прогресс деп айтуға болады.

- БАҚ командаларында әр түрлі деңгейдегі және спорттағы тәжірибесі бар ойыншылар бар. Тепе-теңдікті қалай ұстайсыздар?

- Біз үнемі жаттығулардан қалмаймыз, негізгі дағдыларды үйреніп, игерудеміз, өткізілген ойындардағы бейнелерді бірге талдаймыз және қателіктермен жұмыс істейміз. Ойын алаңында әркім деңгейі мен жеке бейімділігіне байланысты өз қызметін атқарады. Тәжірибелі жігіттер көбірек шабуылда ойнайды және қарсыластың соққыларына тосқауыл қояды. Саптағы жаңа ойыншылар алаңда қолдау көрсетеді. Сондай-ақ біздің командада доптың сақинаға салынатын сәттерін тудыратын, алаңдағы барлық ойыншыларды бақылай алатын байластырушы ойыншыларымыздың бар болуымен жолымыз болды.

- Лигадағы басты қарсыластарыңыз деп қайсысын атар едіңіз?

- Бүгінгі таңда: "7 арна", "Қазмедиа", "Хабар" және "Қазконтент".

- Кәсіби салаңыздағы қандай қасиеттер спортта көмектесе алады?

- БАҚ өкілдері ретінде біз ұйымдастырушылармен, төрешілермен және тіпті қарсыластармен сауатты диалог құра аламыз. Бұл бәсекелестік рух даулар мен қақтығыстарға айналмайтын жағымды атмосфераны құруға көмектеседі.

- 2023 жылға қойылған қандай жоспарларыңыз бар?

- Біз алға қойылған бірінші мақсатты іске асырдық-көктемгі турнирде чемпиондық титулды қорғау. Ал күзгі ойынға дейін негізгі құрамға өтпеген балалар ойнай алатын тағы бір команда құруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз Parimatch-пен тек әуесқой спортты ғана емес, жалпы спорттық журналистиканы дамыту аясында жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміт артамыз.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2018128-atameken-business-komandasy-voleiboldan-zurnalister-arasynda-eki-durkin-cempiony-atandy/