jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Тарихи нәтиже: Елена Рыбакина рейтингтегі орнын жақсартты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Іnstagram.com/lenarybakina

    Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live рейтингінде отандық теннисші жетіншіден алтыншы орынға көтерілді.

    Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты.

    "Медициналық тексеру менің жіліншігімде жарақат бар екендігін көрсетті, сол себепті қалпыма келу үшін уақыт қажет. Өкінішке қарай, Мадридтегі биылғы турнирде өнер көрсетпеймін. Өз титулымды қорғай алмаймын", - деді Жабер.

    Мадрид турнирінің өткен жылғы чемпионы тунистіік спортшы биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сол себепті ол дода біткеннен кейін рейтингтегі мың ұпайынан айырылады.

    Онс Жабер өткен аптада Штутгарт WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін жетіп, онда 20 минуттай ойнап, жарақаты салдарынан матчты жалғастыра алмаған еді.

    Рыбакинаның Мадридте табысты өнер көрсетсе, әлемдік рейтингіде бұдан да жоғарылауына мүмкіндігі бар.

    Тарихи нәтиже: Елена Рыбакина рейтингтегі орнын жақсартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.