jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Александр Бублик Мадрид турнирінің екінші айналымына шықты

    теннис
    Александр Бублик кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

    Отандық теннисші алғашқы кездесуде дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған колумбиялық Даниэль Элаи Галанмен шеберлік байқасты.

    Бірінші партия бір сағаттан астам уақытқа созылып, онда Бублик бесінші сетболын пайдалана алды - 7:6 (17:15).

    Екінші сетте колумбиялық спортшы тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:4).

    Үшінші, шешуші партияда Бублик жеңісті жұлып алды (6:4).

    Енді Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездеседі.

    Александр Бублик Мадрид турнирінің екінші айналымына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.