jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Каратэден Испаниядағы турнирде Қазақстан қоржынына екі жүлде түсті

    Каратэ
    Каратэші өнер көрсетіп жатыр. Фото: pexels.com

    Испанияның Ла-Корунья қаласында WKF каратэден 21 жасқа дейінгі татами шеберлері арасындағы 1-лигасына кіретін халықаралық турнир өтіп жатыр. Мұнда барлығы 72 елден 2627 спортшы жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі бар, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

    Жарыстың алғашқы күні 8 елдің атлетіне бас жүлде бұйырды. Соның арасында Қазақстанның спортшылары да бар.

    Кумитеде 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Биғабыл чемпион атанды. Ал 68 келіде Нұрия Тізімбай қола жүлдеге ие болды.

    Қазіргі уақытта жалпы есепте Украина құрамасы көш бастап тұр. Олардың еншісінде 5 алтын медаль бар.

    Жарыс 30 сәуірде мәресіне жетеді.

    Каратэден Испаниядағы турнирде Қазақстан қоржынына екі жүлде түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.