jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ашық кубогындағы сенсация: 15 жастағы Алдияр Аңсат чемпион атанды

    Алдияр Аңсат
    Алдияр Аңсат. Фото: kazchess

    22-30 сәуір аралығында Астанада өткен Қазақстан Республикасы Кубогының бірінші кезеңі сенсациямен аяқталды. Турнир жеңімпазы - 15 жасар Алдияр Аңсат, деп жазады kazchess.

    Ол тәжірибелі қарсыластарынан, әлемге әйгілі шахматшылардан оқ бойы озып, жарыс қорытындысы бойынша турнирлік кестеде бірінші орынды иеленді.

    Алдияр жас болса да халықаралық дәрежедегі шебер. Оның FIDE рейтингі – 2317.

    Турнир барысында ол 7,5 ұпай жинап, екінші орын алған армениялық Шант Саргсян (рейтинг 2630), 3-4 сатыға тұрақтаған украиндық Александр Моисеенко (2573) және Алексей Гоганов (2525, FIDE) сынды танымал шахмат шеберлерінен басым түсті.

    Бесінші орын ирандық Данешвар Бардияға (2540), алтыншы орын әйгілі америкалық гроссмейстер Ханс Ниманнға (2706) бұйырды.

    Турнирге 16 елден барлығы 167 спортшы қатысты.

    Қазақстан ашық кубогындағы сенсация: 15 жастағы Алдияр Аңсат чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.