jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирін жеңіспен бастады

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Billie Jean King Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

    Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қыздар командасы В тобында Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

    Бірінші ойында Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Жұптық сында А.Гогулина Анастасия Крымовамен бірге апалы-сіңлілі Нголардан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.

    Осылайша, Ярослава Шведованың шәкірттері өз тобында көш бастады. Бүгін, 2 мамырда қазақстандық қыздар Иран құрамасымен сынға түседі.

    Теннистен Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирін жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.