jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

    спорт
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Арли Чонтей Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандық спортшы жұлқа көтеру жаттығуында 117 келі тасты еңсеріп, көш басына шыққан. Алайда серпе көтеруде қарсыластарына есе жіберіп, 4-орын алды (141 кг). Қос сайыс нəтижесінде Арли 258 келімен 3-орынды қанағат тұтты.

    Айта кетейік, Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен құрлық чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді(116+144=260 кг). Ал 2020 жылғы Ташкенттегі бəсекеде чемпион атанған.

    Бүгін сынға түскен тағы бір отандық спортшы Айнұр Әбдіхалықова (45 келіге дейінгі салмақ) жалпы есепте 6-сатыға тұрақтады (64+80).

    Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.