jitsu gif
Спорт

    Қытай қазағы Ташкент төрінде екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

    Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде
    Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде. Фото: iba.sport

    Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының бес боксшысынан бөлек, тағы екі қазақ баласы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атап айтар болсақ, 80 келіге дейінгі салмақта Қытай намысын қорғайтын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан ширек финалды сәтті өткізді.

    Ол басқа емес, Рио және Токио олимпиадаларының чемпионы, кубалық Арлен Лопеспен кездескен болатын.

    Бірінші раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін өзін тез жинап, жеңіске жетті.

    Осылайша, өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің жартылай финалына өтіп отыр. Ол кем дегенде қола жүлдегер болады.

    Айта кетелік, Тоқтарбектен бөлек, Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев та әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол 63,5 келі салмақта өнер көрсетеді.

    Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады.

    Қазақстан сапынан жартылай финалға бес боксшы жолдама алды.

    Қытай қазағы Ташкент төрінде екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.