jitsu gif
Спорт

    Нұрбек Оралбай Олимпиада жүлдегерін ұтып, әлем біріншілігінің финалына шықты

    бокс
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай жартылай финалдық жекпе-жегіін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай жартылай финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасты.

    Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешішімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

    Осылайша, Нұрбек Оралбай Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына жолдама алды.

    Бұған дейін ақтық мәреге Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов және Асланбек Шымбергенов шыққан болатын.

    Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

    Нұрбек Оралбай Олимпиада жүлдегерін ұтып, әлем біріншілігінің финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.