Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан намысын қорғаған қазақ баласы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
63,5 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан намысын қорғаған Руслан Абдуллаев ақтық мәреде моңғолиялық Чинзорик Батарсухпен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде Руслан төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Руслан Абдуллаев Өзбекстанның қазақтар қоныстанған қыпшақ ауылында тұрады.
Ол бірнеше жыл бұрын, Қазақстанға келіп, жастар арасында ел чемпионатына қатысқанымен, жолы бола қойған жоқ. Содан кейін Өзбекстанға қайта оралған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020486-ozbekstan-namysyn-qorgagan-qazaq-balasy-alem-cempiony-atandy/